- Негізгі бет
- Әлемтану
- Бүгін – соңғы...
Бүгін – соңғы қоңырау! Ал әлемде қандай мерекелер атап өтіледі?
Бүгін елімізде 25 мамыр – "Соңғы қоңырау" мерекесін қарсы алып жатқан күн. Атаулы мерекеде мектеп оқушылары түлек атанып, өзге сыныптар бір сынып жоғарылайды. Ал дәл осы күнді әлем жұртшылығы қалай қарсы алады?
• Халықаралық балалар жоғалған күн
1979 жылы америкалық алты жасар Эвиан Пейтс мектептен үйіне қайтып келе жатқан жолда жоғалып кетеді. Оның бұл әрекеті үлкен дау тудырып іздеу жұмыстары төрт жылға созылады. Ақыры нәтиже болмаған соң ел үкіметі дәл осы күнді "Халықаралық балалар жоғалған күн" деп атайды.
• Ресейде филологтар күні
Дәл бүгін көршіміз орыс жерінде халық болып тіл жанашырлары күнін тойлап өтеді.
• Халықаралық қалқанша безі күні
2009 жылы European Thyroid Association қауымдастығы енгізген бұл күн қалқанша безі ауруларымен күрес күні болып қабылданған.
Дәл бүгін бүкіл бір Африка материгінде "Африка күні" тойланып жатыр. Оның негізі 1963 жылы 25 мамыр күні қабылданған.
• Германияда "Әкелер" күні
25 мамыр немістер үшін ерекше күн. Бүгін ол елде "Әкелер" күні тойланады.
• Халықаралық сүлгі күні
Бүгін әлем елдерінде сүлгі күні аталып өтеді. Иә, таң қалатын ештеңесі жоқ. Кәдуілгі жуынатын орамалыңыздың да өз күні, өз мерекесі бар.
Н. Үсенова