Соңғы қоңырауға арналған сценарий

Соңғы қоңырауға арналған сценарий
Фото: www.inform.kz

Еліміздегі мектептерде бір аптадан кейін соңғы қоңырау үні естіледі. Ол әрине бәріне емес, бітіруші түлектер үшін. Соңғы қоңырауға арналған сценарий үлгісі сіздер үшін, жас дос! 

1- жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті қонақтар! 

2- жүргізуші: 
Армысыздар, ұстаздар және ата-аналар! 

1- жүргізуші: 
Бүгінгі күн қандай күн? 
Бүгінгі күн... 
Өткен уақыт балдай мың, 
Он бір жылды өткізген, 
Мектепке жыр арнаймын. 
Кейде еркелеп ұстазға, 
Сабаққа да бармаймын. 

2- жүргізуші: 
Бүгінгі күн қандай күн? 
Бүгінгі күн... 
Жарқырайтын маңдайдың, 
Артта қалып балалық, 
Үлкен өмір таңдаймын. 
Еркелетпес ал өмір, 
Сабағынан қалмаймын 

1- жүргізуші: 
Иә, дұрыс айтасың. Он бір жыл бойына бізді еркелеткен, бізді өсіріп, білім берген алтын ұямыздан түлеп ұшамыз. Үлкен өмірге қадам басамыз. 

2- жүргізуші: 
Ендеше, «Соңғы қоңырауға» арналған МЕРЕКЕЛІК КЕШКЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

1- жүргізуші: 
Құрметті достар, көп күттірмей, бүгінгі бітіруші түлектерді сынып жетекшілерімен бірге ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер! 
(Бітіруші түлектер сынып жетекшілерімен бірге ортаға келіп, орындарына тұрады. Жүргізушілер сыныпты кезек-кезегімен шақырады.) 

1- жүргізуші: 
Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры ****************** беріледі. Қошеметтеріңіз. 

2- жүргізуші: 
Келесі ән сіздерге арналады құрметті бітіруші түлектер! 
Ән. (мектеп туралы) 

1- жүргізуші: 
Келесі сөз кезегін құрметті қонағымыз ******************* берсек. 

2- жүргізуші: 
Соғылады қоңырауы мектептің, 
Сыңғыр-сыңғыр сыңғырлап, 
Сен өсірдің, сен биікке көктеттің. 
Балалығым бал шақтағы күнді ұрлап. 

1- жүргізуші: 
Биыл мектебімізді *** түлек бітіргелі отыр. Оның ішінде **** оқу озаты және **** оқу үздіктері бар. Мектебіміздің бітіруші түлегі ************* сөз кезегін берсек. 

2- жүргізуші: 
Келесі музыкалық сәлем сіздер үшін, қабыл алыңыздар. 
Би немесе күй 

1- жүргізуші: 
Соңғы қоңырау – есте мәңгі қалатын сәт. Ал мектеп табалдырығын енді аттап жатқандар үшін үлкен мүмкіндіктер үні. Мектеп – сіз бен бізді үлкен өмірге даярлаушы орта. 

2- жүргізуші: 
Мектеп қабырғасында өткен әр күн, әрбір сабақ, әр ұстаз сіздің өмірлік сабақтарыңызға бастайтын үлкен жол. 

1- жүргізуші: 
Соңғы қоңырау үнін тағы бір рет естігілеріңіз келсе қарсы алыңыздар, ортада мектебіміздің ең үздік оқушысы ********** мен кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған ******* сынып оқушысы. Бүгінгі күннің ең соңғы қоңырауын соғатын болады. 

2- жүргізуші: 
Келесі сөз кезегін ата-аналар қауымына береміз. Ортаға ***************** есімді анамызды (әкемізді) шақыруға рұқсат етіңіздер! 

1- жүргізуші: 
Достықтары жарасып, 
Білім үшін таласып. 
Бара жатыр түлектер, 
Әр арманға таласып. 

2- жүргізуші: 
Соңғы вальс! Соңғы вальс! Құрметті қонақтар, ортада бітіруші түлектердің соңғы вальсін қарсы алыңыздар! 

1- жүргізуші: 
Соңғы қоңырау үні алыста жүрсеңіздер де құлақтарыңыздан кетпесін. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

2- жүргізуші: 
Келесі оқу жылында кездесенкенше!  

М. Ақан