- Негізгі бет
- Әлемтану
- Америкалық ғалым COVID-26...
Америкалық ғалым COVID-26 және COVID-32 вирустары туралы ескертті
Белгілі америкалық ғалым Peter Hotez COVID-19 пандемиясының пайда болуын түсіну және оны терең талдау адамның болашақтағы денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін мәлімдеді.
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?
Оның айтуынша, эпидемия басталған Қытайдың Ухань қаласына жетекші вирусологтарды, эпидемиологтарды және басқа мамандарды жіберіп, аурудың шығу тегін мұқият зерттеу қажет.
“Біз COVID-19-дың шығу тегі туралы толық түсінбейінше, алдағы уақытта COVID-26 және COVID-32 пайда болады”, – дейді Бэйлор Университетінің молекулалық вирусология және микробиология профессоры Питер Хотез.
Сарапшының пікірінше, бұл мәселеде Қытаймен ынтымақтастық болмаса, коронавирустың шығу тегі туралы ақпарат алу қиын.
Вирустар туралы тағы бір жетекші сарапшы, доктор Антони Фауси сонымен бірге коронавирустың табиғи шығу тегі туралы мифтерге сенбейтінін айтты.
Бұған дейін британиялық ғалым Ангус Далглиш COVID-19 үлгілерінде ерекше “саусақ іздері” бар екенін және бұл тек зертханалық манипуляциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін айтқан.
Т. Раушанұлы