Президенттің инаугурациясы – АҚШ-тағы маңызды оқиға. Ел тұрғындары 200 жылдан бері Вашингтон Ұлттық даңғылына келіп, үкіметтің ауысуын бақылайды. 20 қаңтарда АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден миллиондаған көрермен алдында қызметіне кірісті. Назарыңызға инаугурация туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
АҚШ-тың 46-президенті Джо Байденнің өмір жолы
♦ АҚШ президентінің ең алғашқы инаугурациясы 1789 жылы 30 сәуірде өткен. Бұл Джордж Вашингтонның инаугурациясы еді;
♦ Ұлықтау рәсімі 1857 жылы президент Джеймс Бьюкененнің инаугурациясында алғаш рет суретке түсірілді;
♦ 1865 жылы афроамерикалықтарды бірінші болып президент Авраам Линкольн парадқа қатысуға шақырды;
♦ Ұлықтау рәсіміне жаяу барған алғашқы АҚШ президенті – Томас Джефферсон. Ол сондай-ақ, Капитолийде алғаш болып ант қабылдады;
♦ Инаугурацияда ең қысқа сөйлеген президент – Джордж Вашингтон (135 сөз), ең ұзақ сөйлеген – Уильям Харрисон (8445 сөз);
♦ 1917 жылы әйелдер алғаш рет президент Вудроу Вилсонның инаугурациясына қатысты;
♦ 1949 жылы президент Гарри Трумэнның инаугурациясы алғаш рет теледидардан көрсетілді;
♦ Линдон Джонсон әйел судьяға ант берген алғашқы және әзірге жалғыз америкалық президент;
♦ 1789 жылы 30 сәуірде өткен президент Джордж Вашингтонның алғашқы инаугурациясын қоспағанда, 1937 жылға дейінгі барлық президенттер қолайсыз ауа-райын болдырмау үшін наурыз айында ант қабылдады. 1933 жылдан бастап инаугурация күні конституцияға өзгерістер енгізіліп, 20 қаңтарға белгіленді. 20 қаңтарда бірінші болып Франклин Делано Рузвельт ант қабылдады;
♦ АҚШ-тың жаңадан сайланған барлық президенттері Вашингтонда ант қабылдаған. Тек 6 президент: Джордж Вашингтон 1789 жылы Нью-Йоркте, 1793 жылы Филадельфияда, 1797 жылы Джон Адамс Филадельфияда, 1881 жылы Честер Алан Артур Нью-Йоркте, 1901 жылы Теодор Рузвельт Буффалода, 1923 жылы Калвин Кулидж Плимутта және 1963 жылы Линдон Бейн Джонсон Далласта ант қабылдаған;
♦ Линдон Джонсон – ұшақта инаугурацияланған алғашқы президент. Бұл оқиға 1963 жылы Джон Кеннедиге қастандық ұйымдастырылып, басшылыққа Линдон келген кезде болды;
♦ 1977 жылы президент Джимми Картердің инаугурациясы бірінші рет ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған қыздырылған стендтермен және орындықтармен жабдықталған;
♦ Бүкіл Американың тарихында отставкаға кеткен төрт президент қана өздерінің ізбасарларын ұлықтауға қатысқан жоқ. Сонымен Джон Адамс Томас Джефферсонның, Джон Куинси Адамс Эндрю Джексонның, Эндрю Джонсон Улисс Гранттың, Ричард Никсон Джералд Фордтың инаугурациясына қатысқан жоқ. Сонымен бірге, Дональд Трамп та Джо Байденнің инаугурациясына қатыспады;
♦ Ең көп адам қатысқан инаугурация Барак Обаманы ұлықтау рәсімі. Осы кезде Вашингтон Ұлттық даңғылына 1 миллион 800 мың адам келген.