Естімеген елде көп: Бір ғана адам тұратын қалалар

Қалаларды алып қалалар, орташа қалалар, ұсақ қалалар деп бөлуге болады. Бірақ елдердің халық саны әртүрлі болуына байланысты елді мекенге "қала" атағын беруге қажетті талап та бірдей емес. Мысалы, Данияда тұрғылықты жердегі адам саны 250, Канадада 1000, Германияда 2000 адам, АҚШ-тың біршама штаттарында 12 000 адам, Үндістанда 5000 адам, Малайзияда 10 000 адам болғанда ғана "қала" деп есептеу мүмкін болады. Бірақ әлем елдерінде халық саны бір адамнан тұратын қалалар да бар екен. Кезінде тұрғыны көп қала заман дамуына ілесе алмай, қаңырап қалған. 

Буфорд, Вайоминг, АҚШ

Жалғыз тұрғыны: Дэн Салмон

2438 метр биіктікте Ларима мен Шайенн қалалары ортасында орналасқан Буфорд – коммерциялық емес бірлестік (Олбани округы, Вайоминг, АҚШ). Бұл қала Нью-Йорк пен Сан-Францисконы байланыстыратын тас жолдағы ең биік елді мекен. Оның жалғыз тұрғыны Дэн Салмон мұнда тазалаушы, жанармай бекетінің және жергілікті дүкеннің сатушысы және әкім болып жұмыс істейді.

Монови, Небраска, АҚШ

Жалғыз тұрғыны: Элси Эйлер

Моновиде 1930 жылдары 150 адам өмір сүрген. Ұлы жазықтағы көптеген басқа қалалар сияқты, Монови де жергілікті тұрғындарынан басқа қалалардың өсіп, дамығанына байланысты айырылды. 2000 жылғы санақ кезінде қалада тек 2 адам – ерлі-зайыптылар Руди мен Элси Эйлер тұрды. Эйлер мырза 2004 жылы қайтыс болды да, оның әйелі бұл жердің жалғыз тұрғынына айналды. Ол әкім ретінде қызмет етеді, алкогольге лицензия береді және қаланың жол торабын дамыту үшін төрт көшені жарықтандыруға байланысты өзіне-өзі салық төлейді.

Кэсс, Жаңа Зеландия

Жалғыз тұрғыны: Барри Драммонд

Кэсс - Жаңа Зеландияның оңтүстігіндегі Кентербери аймағында орналасқан қала. 73-ші мемлекеттік магистраль қаладан алыс емес жерде өтеді және әлемдегі халық саны аз аудандардың бірі болып табылады. Мидленд теміржолында Кристчерчтен Батыс жағалауға дейінгі станция 1910 жылы салынған. 1923 жылы Отира туннелі ашылып, теміржол толық жұмыс істей бастады. 1987 жылдан бастап қала арқылы TranzAlpine жолаушылар пойызы өтті. Қалада 5 үй бар, бірақ онда бір-ақ адам – Барри Драммонд тұрады. Бұл Кассты 1 адам тұратын санаулы елді мекендердің бірі етеді. Қалада қонақүй, сондай-ақ 170 адам жұмыс істейтін Cass Contracting ірі құрылыс фирмасы бар.

Рошфурша, Франция

Жалғыз тұрғын: Жан-Батист Люлю

Францияның оңтүстік-шығысындағы Rh-ne-Alpes аймағындағы коммунаның тұрғыны – Жан-Батист Люлли. Ол ескі қамалды күтуші боп жұмыс істейді.

Бонанза, Юта, АҚШ

Бонанза Колорадо үстіртінде орналасқан, мұнда сланецтен (тау жынысынан) және басқа да қазба отындарынан мұнай алынады. Халық санағы бойынша мұнда бір адам тұрады. Бірақ жұмысшылар тобы үнемі мұнай өндірісін бақылауға келеді.

Ойл-Спрингс, Нью-Йорк, АҚШ

Ойл Спрингс қаласы, (Oil - мұнай) атауына қарамастан, мұнай өндірумен айналыспайды. Оның жалғыз тұрғыны америкалық сенека тайпасынан шыққан үндіс.