Неміс тілін үйренушілерге арналған Youtube арналары

Көптеген бағдараламаларда ағылшын тілінен кейін көрсетілетін міндетті тілдердің бірі неміс тілі. Жаңа шет тілін меңгергісі келетін не оқуды жалғастыруды көздеп жүрген оқырмандарымызға қызықты Youtube арналарын ұсынамыз.

1. Get Germanized
Германияға қоныс аударуды немесе халықаралық бағдарламаларға қатысуды ойға алсағыз, онда неміс тілін Get Germanized арнасы арқылы үйрене аласыз. Сабақтардың барлығы ағылшын тілінде. Бастауыш деңгейден бастап, жоғары деңгейде білімі бар азаматтарға арналған сабақтар бойынша жіктеледі. Сабақ барысында ережелерді түсінікті әрі қызықты жеткізеді. 

2.lingoni GERMAN
Бұл Youtube арнасында А1 – С2 деңгейі үшін видео сабақтар жинақталған. Сөздік қорды көбейтіп, грамматика ережелерімен танысып, тыңдалып жұмыстарымен айналыса аласыз. Әр видео сабақтың аяғында тапсырма бар. 

3. Easy German
Берлинде тұратын Януш пен Каридің арналарының атауы айтқандай шынымен өте жеңіл форматта түсірілген. Әр видеоға екі тілде (ағылшын және неміс) тілдерінде субтитр қосылған. Сабақтар деңгей бойынша бөлек плейлистерге жіктелген: A1 – A2, A2 – B1, B1 – B2, C1 – C2.

4. Немецкий язык из Германии
2014 жылдан бастап Дрезден тұрғыны Юлия Шнейдер арнайы сабақтарды орыс тілінде жүктей бастады. Бұл сабақтар ағылшын тілін білмейтін, бірақ алғашқы қадам жасаудан қашпайтын талапкерлерге арналған. 

5. Deutsch für Euch
Өзінің сөйлеу мәнерін ретке келтіруді қалайтындар үшін таптырмас арна. Барлық түсіндіру жұмыстары ағылшын тілінде жүреді. Соған қарамастан жинақы әрі түсінікті сабақтар бірден қызығушылықты оятары сөзсіз.