Әйелдердің маңызды өнертабыстары

Әйелдер өнертабыс саласында айтарлықтай жетістікке жетпеген десеңіз қателесесіз. Олар ғасырлар бойы ғылымда кемсітіліп келді. Кейде әйелдерге патент алу, өнертабысын тану үшін күресуге тура келді. Мысалы қағаз қаптарды ойлап тапқан Маргарет Найттың идеясы ұрланып, ол сотта өнертабысын қорғап жеңіске жетті.

Бүгін біз әйелдер ойлап тауып, әлі де қолданылатын өнертабыстар туралы баяндаймыз.

Кевлар – Стефани Кволек

Стефани Кволек химик болған. 1965 жылы ол болаттан 5 есе күшті жеңіл материал ойлап тапты. Оның өнертабысы оқ өтпейтін жилетте, қолғап, ұялы телефон, аспалы көпірлер мен ұшақтар сияқты түрлі бұйымдарды жасауда кеңінен қолданылады.

Сыртқы өрт сатысы – Анна Коннелли

Анна Коннеллидің өмірі туралы көп нәрсе белгісіз, бірақ оның өрт кезінде қолданатын сатысыны ойлап табуы сыртқы өрт баспалдақтарының бастамасы болды. Анна 1887 жылы құрылғыны патенттеді, ал қазір бұл көптеген ірі қалаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды техникасы болып есептеледі.

Автокөлік пеші – Маргарет А. Уилкокс

Маргарет А. Уилкокс  1838 жылы Иллинойс штатындағы Чикагода дүниеге келген. ХІХ ғасыр 90 жылдарының басында ол бірқатар өнертабыстарымен, соның ішінде аралас ыдыс жуғыш машина және кір жуғыш машинаны ойлап табуы арқылы танымал болды. Автокөлік жылытқышының өнертабысына патентті Маргарет 1893 жылы 28 қарашада алған. Құрылғы салоннан тыс орнатылған су күртесі бар қазандықтан және қыздырылған сұйықтық айналатын металл құбырлардан құралды.

 Маргарет Уилкокс патенттеген өнертабыстың маңызды болғаны соншалық, жобалық дизайн әлі күнге дейін Вебасто немесе Эбспахер сияқты автономды жылытқыш жасау үшін қолданылады.

Орталық жылу жүйесі – Элис Паркер

1919 жылы Элис Паркер орталықтандырылған газды жылыту жүйесін жасады. Оның жобасы бойынша ештеңе салынбағанымен, идея шынында да жаңашыл еді. Элистің идеясы қазіргі заманғы орталық жылыту жүйелерін жасаушыларға шабыт берді.

Компьютерлік алгоритм – Ада Лавлейс

Лорд Байронның қызы Ада Кинг Ноэль-Лавлейс тамаша математик болған. Ол математикалық алгоритмдерді пайдаланып машинаны бағдарламалау әдісін ойлап тапты. Басқаша айтқанда, ол алғашқы "компьютерлік бағдарламаны" жасады.

Ғарыш станциясының батареялары – Ольга Д. Гонсалес-Санабрия

Ольга Д.Гонсалес-Санабрия - Пуэрто-Риконың өнертапқышы және ғалымы. Ол 1980 жылдары никель-сутегі батареясын құруға көмектесетін технологияны жасады. Бұл аккумуляторлар Халықаралық ғарыш станциясына қуат беруге қолданылды.

Дөңгелек ара – Табита Беббит

Табита Беббит алғашқы болып дәстүрлі екі қолды ара орнына дөңгелек ара қолдануды ұсынды. 1813 жылы ол дөңгелек жүздің прототипін жасап, айналмалы дөңгелекке бекіткен. Осылайша біз бүгінде қолданылатын электрлі араның негізін қалады.

Күнмен жылытылатын үйлер – Мария Телкес

Доктор Мария Телкес - физик және күн энергиясынң инженері. 1948 жылы ол сәулетші Элеонора Раймондпен бірлесіп Довердегі үйді жылытуға арналған термоэлектрлік генератор ойлап тапты. Жүйе үйді 10 күн жылы ұстауға арналған еді. Ал жаңа технологияны тексеру үшін Мария өзінің бірнеше туыстарын осы үйге уақытша орналастырған.

Корректор сұйықтығы – Бетт Несмит Грэм

ХХ ғасырдағы жазу машинкасында бірнеше әріп қателері кететін. Оны қайта өшіру мүмкін емес еді. Өткен ғасырдың 50-жылдарында банкте қызмет еткен Грэм, терезе бояп жатып, жазу машинасы қате жіберген әріпті бояса қалай болады деп ойлады. Ол осылай қате әріптерді ақ бояумен 5 жылбойы жүрді. Ол бірнеше жыл бойы формуласын жетілдіріп, Mistake Out (сұйық қағазды) патенттеді. 1979 жылы Бет Несмит өзінің өнертабысын Gillette корпорациясына 47,5 миллион долларға сатты.