ХХ ғасырда 100 күнге дейін өмір сүрген мемлекеттер

Адамзат тарихында өзін тәуелсіз деп жариялаған, бірақ ұзақ уақыт өмір сүрмеген көптеген мемлекет болған. Тәуелсіздігінен айрылған елдің халқы әрдайым әлсіздігі үшін қудалауға ұшырап не өлім жазасына кесілген.

1905 жылы төңкерістен кейін Ресейдің Мәскеу губерниясында құрылған Марков шаруа республикасы 243 күн өмір сүрді. 1918 жылғы Ұлы поляк көтерілісінен кейін неміс ауылының діни қызметкері құрған Швентен мемлекеті 218 күн ғана егемендігін сақтады. 1918 жылы неміс князі Вильгельм фон Урах құрған Литва Корольдігі тәуелсіздігі бар болғаны 259 күнге созылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ыдырап кеткен Аустрия-Венгрия мемлекетінің орнына Словак Совет Республикасы, Тарнобжег, Банат, Команчи, Прекмурье, Баранья-Байя сияқты шағын мемлекеттер де құрылды. Бірақ көп ұзамай олар қалай тез құрылған болса, солай із-түзсіз жоғалып кетті.

Бірақ төменде біз олардан да аз, яғни 100 күнге дейін ғана өмір сүрген мемлекеттер туралы айтамыз.

Арменияның таулы республикасы – 78 күн

1920 жылғы келісім бойынша Армения мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы даулы аймақтар – Қарабах, Зангезур, Нахичевань – Қызыл Армияның бақылауына өтті. Бірақ армяндардың бәрі бірдей Кеңеске сенген жоқ. Зангезурдан шыққан әскери қолбасшы Гарегин Нжде қызылдарға қарсы шығып, партизандық қозғалыс ұйымдастырды. Оның әр қимылы жеңіспен аяқталды. Ол өзінің билігін тек Зангезурда ғана емес, Қарабақтың жартысында таулы Армения республикасын құра отырып орнатты. Бірақ 78 күннен кейін Қызыл Армия әскерлері оның әскерін талқандап, көтерілісті басты. Гарегин Иранға қашып үлгерді.

Қырым Халық Республикасы – 34 күн

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Қырым татарларының белсенділігі артып, Қырым түбегінде тәуелсіз мұсылман мемлекетін құру туралы шешім қабылданды. Бахчисарайда өткен конгрессте жаңа мемлекет – Қырым парламенттік халық республикасы деп аталды. Номан Челебиджихан оның алғашқы президенті болып сайланды.

Бір қызығы, бұл ислам республикасында мемлекетті шіркеуден бөліп, әйелдерге сайлау және сайлану құқығын беру туралы шешім қабылдады. Бірақ көп ұзамай ресми мойындалған үкіметті де, күшті армиясы бар республиканы да большевиктер басып алды.

Бавар Кеңес Республикасы – 27 күн

1919 жылы Германия королі Людвиг III Виттельсбах тақтан тайғаннан кейін, билікті қолына алған коммунистер Евгений Левиннің басшылығымен Баварияда Кеңес республикасын құрды. Үкімет банктерді басып алды, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылардың бақылауы орнатылды. Төтенше комиссия және Қызыл Армия құрылды. Осы жылдың 29 сәуірінде неміс әскерлері Баварияға басып кіріп, Мюнхен қаласын қанға бояды. Үш күнде мыңға жуық "қызылдар" атылды.

24 сағаттан аз өмір сүрген Карпат Украинасы

Карпат Украинасы 1920 жылы Чехословакияға автономды түрде қосылды. 1938 жылғы Мюнхен келісімі Гитлердің қолын байлады. Сондықтан да нацистер Сотқа басып кірген кезде Чехословакия Республикасы жойылды. Карпат Украинасы 1939 жылы 15 наурызда өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялады.

Үкімет Гитлерге жаңадан құрылған мемлекетті Германияға қосуды сұрап хат жіберді. Бірақ рейх бұл шартпен келіспеді. Мажарлар Карпат Украинасына, егер ол Венгрияның құрамына енбесе, соғыс жариялаймыз деп мәлімдеді. Алайда, штаттың жаңа басшылығы мажарлардың ұсынысымен келіспей, 15 мың ерікті армиямен өз тәуелсіздігін қорғауға шешім қабылдады. Келесі күні Венгрия әскері астана Хустты, содан кейін бүкіл Карпат Украинасын басып алды.

Ресей Демократиялық Федеративтік Республикасы

Бірнеше сағат қана өмір сүрген бұл республиканы 1917 жылы Корнилов көтерілісі басылғаннан кейін Уақытша үкіметтің 5 министрі жариялады. Олар конституцияның жобасын жасады. Жаңа үкімет Ресейді екі палаталы парламент пен президент басқаруы керек деп көрсетті. Олар француз жұмысшыларының "Марсельезасын" ресми әнұран ретінде қабылдады.

Бірақ арада бір күн өтпей большевиктер Ресей Демократиялық Федеративтік Республикасын басып алып, шешімның күшін жойды.