Уиттиер – бір ғана ғимараттан тұратын қала

Бұл таңғажайып қаланың 220 тұрғынының барлығы бір 14 қабатты үйде тұрады. Қала аты ақын Джон Гринлиф Уиттьердің құрметіне қойылған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ үкіметі мұзды жағалауға база құру туралы шешім қабылдаған. Мұнда су үстімен жету үшін мұз арқылы 3 шақырымдық туннель құру керек болған.

Қазір қалада көлік жолы ғана емес, теміржолдар да салынған. Кейіннен әскерилер үшін 14 қабатты ғимарат салынды. Антон Андерсен "Бегич Тауэрс" деп аталатын құрылыс жобасының авторы. Мұнда тұрғын үйлерден басқа дүкендер, шаштараз, спортзал, полиция бөлімі және шіркеу бар.

1964 жылы АҚШ-тағы күшті жер сілкінісі қаланың тыныш өмірін бұзды. Жерасты толқындары көптеген техникаларды жарамсыз етті. Қала ғимаратын зақымдады. 13 адамның өмірін қиды. Әскери-теңіз базасы жабылғанына қарамастан, бейбіт тұрғындардың көпшілігі осында тұруды шешті.

Қалпына келтірілген Бегич Тауэрс үлкен коммуналды пәтерге айналды. Мұнда өмір сүру оңай емес. Себебі Уиттиерде ауа райы жыл бойы өте суық. Қыста қаланы бірнеше метр қар басып қалады. Жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жететін қатты дауыл да тұрады. Мұндағы тұрғындар қарашадан ақпанға дейін күн көрмейді.

Қалада жеміс-жидек пен көкөніс өсіруге арналған жылыжай бар. Олар сыртқы әлеммен тек интернет арқылы байланысады. Жойқын жер сілкінісінен кейін АҚШ үкіметі ғимаратты қалпына келтіруге уәде берді. Бірақ уәде орындалмады. Сондықтан халықтың бір бөлігі Уиттиерден кеткен.

Қала тұрғындары негізінен туристер мен кемелерге толы портта жұмыс істейді.

Айтпақшы, мұздықтардың ортасында орналасқан таңғажайып қала әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартады. Оларды қатал ауа райында тұратын халықтың өмір салты қызықтырады. Қала ережесінде тыйым салынғанына қарамастан, кейбіреулер үйін туристерге жалға береді.