Шатырдан табылған ежелгі шайнек жарты миллион долларға сатылды

Шатырдан табылған ежелгі шайнек жарты миллион долларға сатылды
Фото: newsfactory.su

Ұлыбритания азаматы үйінің шатырынан тапқан Император Цянлун дәуіріне жататын шайнек Hansons Auctioneer аукционында 495 000 долларға сатылды, деп хабарлайды UPI.

Шайнек иесінің айтуынша, атасы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде оны Азиядан алып келген.

Ежелгі шайнектің бастапқы бағасы шамамен 50 000 доллар деп белгіленген, бірақ сатып алғысы келген сегіз адамның бағаны өсіруіне байланысты ол 10 есе жоғары нарыққа сатылған.

Сатып алушы есімін көпшілікке жариялағысы келмеген.

Айта кетейік, Айсиньгьоро Хунли – Цин империясының алтыншы маньчжур билеушісі. 59 жыл бойы (1736 - 1795) ол "Цянлун" ұранымен билік жүргізген.

Т. Раушанұлы