Коронавирус иллюстрациясын дизайнерлер қалай жасаған?

Кең қолданып, ресми иллюстрация ретінде пайдаланылатын коронавирус инфекциясының суретін АҚШ-тағы CDC орталығының иллюстраторлары Алисса Эккерт пен Дэн Хиггинс жасаған. Дизайнерлер иллюстрацияның қалай жасалғанын New York Times басылымына берген сұхбатында айтып берді.

Ғалымдар ұсақ бактерия, вирустардың фотосуретін жасау мүмкіндігі болмай тұрғанда ұсақ заттардың иллюстрациясы оны дерек етіп тіркейітін жалғыз тәсіл болды. Бірақ медицина қазір де иллюстратор көмегіне жүгініп жатады.

Медицина иллюстрациясындағы ең негізгі ереже – көпшілікке арналған болса да, ғылыми критерийге сай жасау. Иллюстратор жұмысқа кіріспес бұрын материал жинайды, вирустың құрылымын зерттейді. COVID-19 вирусына келер болсақ, оның үш түрлі ақуызы бар және әрқайсының қызметі әртүрлі. Дизайнерлер оны Protein Data Bank ресурсын пайдаланып визуализациялаған.

Одан 3D-модель жасайтын бағдарламада вирустың көлемін, пішінін келтіріп, әр элементті бекіткен. Вирус бөлшектері түгенделген соң, оған түс таңдау керек. Алисса Экерттің айтуынша, иллюстрация брендинг критерийіне сай болсын деген талап болған. Сондықтан бір-бірімен үйлесетін түстер таңдалған.

"Сұр, қызғылт, сары түстер бір-бірімен жақсы үйлеседі, сол себепті көз тартатындай болды деп ойлаймын. Біздің миссия – қоғам назарын аударту", - дейді иллюстратор.