Жапония азаматы әлемдегі ең қарт адам деп танылды

Жапония азаматы әлемдегі ең қарт адам деп танылды
Фото: /mail.rambler.ru

Жапониялық 112 жастағы қария Жер шарындағы ең қарт адам деп танылды. Осыған байланысты ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы Kyodo News хабарлады.

Титэцу Ватанабэге рекордтар кітабының анықтамасы ол тұратын Ниигита қарттар үйінде тапсырылған. Қарттар үйі қызметкерлерінің айтуынша, оның денсаулығы жақсы.

Титэцу Ватанабэге 1907 жылы 5 наурызда өмірге келген. Ол 20 жасында Тайванға көшіп, 18 жыл тұрған. Қария Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияға қайтып келіп, мемлекеттік қызметте зейнетке шыққан. 

Титэцудің 5 перзенті, 12 немересі, 16 шөбересі және бір шөпшегі бар. Бұған дейін планетадағы ең қарт адам тағы бір жапониялық  Масадзо Нонакага тиісті еді. Ол 2019 жылы 113 жасында қайтыс болған. 

Қаңтардың басында жапониялық тағы бір қарт әйел Кейн Танака 117 жасқа толды деп хабарланған.

Т. Раушанұлы