Әлемдегі ең үздік 10 әуежай

2019 жылы Condé Nast Traveller басылымы жыл сайын өтетін Readers' Choice Awards нәтижесін қорытындылаған болатын. Сауалнама барысында 600 мыңнан астам оқырман үздік қонақ үй, мейрамхана, туристік агенттікті таңдаған. Олардың қатарында үздік әуежай номинациясы да болды. Бұл сауалнамаға әлемнің барлық әуежайы қатысқан. Оқырмандар әуежай жұмысының жылдамдығы, қызметкердің жолаушымен қарым-қатынасы, жайлылық пен тазалық белгілері бойынша бағалаған. Өткен жылдың ТОП-10 әуежайы тізімі мынадай:

1. Чанги (SIN), Сингапур  

2. Индианаполис (IND), Индиана штаты, АҚШ

3. Хамад Халықаралық әуежайы, Доха (DOH), Катар

4. Инчхон (ICN), Сеул қаласы, Оңтүстік Корея

5. Дубай (DXB), БАӘ

6. Гонконг (HKG)

7. Саванна/Хилтон-Хед (SAV), Джорджия штаты, АҚШ

8. Цюрих (ZRH), Швейцария

9. Портленд (PDX), Орегон штаты, АҚШ

10. Копенгаген (CPH), Дания