Венецияның 75 пайызы су астына кетті

Венецияның 75 пайызы су астына кетті
Фото: Srpska Info

Жаһандық жылыну, парниктік газдың таралуы экожүйені бұзып, түрлі табиғи апаттарды тудырып жатыр. Жақында ғана жаһандық жылыну салдарынан Гавай аралдарының бірі суға кеткенін жазған едік. Енді күшті дауыл әсерінен Венеция қаласының 75 пайызы су астына кетті деп әлемдік БАҚ өкілдері шулап жатыр.

2012 жылдан бері "Су қаласы" – Венецияда су деңгейі үздіксіз көтеріліп отырған. Соның кесірінен уақытша көпірлер мен су асты жолдарын салынған. 

Деректерге қарағанда табиғи апат салдарынан 5 адам қаза болып, 1 адам дерексіз жоғалған. Қаланың көрікті жерлерінің бірі – Сан-Марко алаңы толықтай су астына кеткен. 

Қаладағы су деңгейі теңіз деңгейінен 1,5 метрге дейін көтерілген. Ал қалада су деңгейі 110 сантиметрден асса төтенше жағдай жарияланады. Егер қаладағы су деңгейі 120 сантиметрден жоғары болғанда адам өміріне қауіп төніп, қаланы су басады.

Т. Раушанұлы