- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Түркияда екі күннің...
Түркияда екі күннің ішінде 600 "содыр" ұсталды
Түркияның құқық қорғау органдары екі күндік рейд барысында содыр делінген 590 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоғлу ұсталғандардың Күрдістан жұмысшылар партиясының, ДАИШ пен басқа да ұйымдардың мүшелері екенін мәлімдеді.
Давутоғлудың айтуынша, түрік әскерлері Сириядағы ДАИШ пен Ирактың солтүстігіндегі күрт содырларына авиасоққы жасауды бастады. "Біздің табандылығымызға ешкім күмән тудырмасын. Біз Түркияны заңсыздық елі етуге жол бермейміз", - деді ол.
23 шілдеде Анкарада ұлттық қауіпсіздік жөнінде жиын өтті. Отырыс Суруч қаласындағы оқиға, үш полицейдің өлтірілуі және Сириямен шекарада түрік әскерлерінің ДАИШ мүшелерімен соқтығысуының көбеюінен кейін елдегі жағдайдың шиеленісуіне орай өтті. Соңғы мәлімет бойынша, Суручта қаза тапқандардың саны 32-ге жетті, 100-ден астам адам жарақат алды.
М. Бисембаева