Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Анкарада қазақ суретшілерінің көрмесі өтті

Анкарада қазақ суретшілерінің көрмесі өтті

Анкарада қазақ суретшілерінің көрмесі өтті

Түркияның Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен «Has Sanat» өнер галлереясының ұйымдастыруымен «Заманауи қазақ өнері» көрмесі өтті.

Қазақ елінің мәдениеті мен өнерін таныстыруды мақсат еткен көрмеге Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев және «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов арнайы қатысты.

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында дүние жүзінің көптеген елінде ашылған көрменің енді бауырлас түрік елінде өтіп жатқанына қуанышты екенін жеткізді. «Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың тек сауда мен экономикада ғана емес, мәдениет пен өнер саласында да жетілуі өте маңызды»,  - деді.

Бұл көрме халықаралық «Алтын ғасыр» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. «Алтын ғасыр» жобасы бұдан бұрын Ресей, Польша, Германия, Нидерланды, Аустрия, Бельгия сынды әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылған болатын.

ҚР Суретшілер академиясының академигі, «Has Sanat» өнер галлереясының басшысы, көрмені ұйымдастырушы Жанна Еңсебаева өз кезегінде халықаралық «Алтын ғасыр» жобасының алғаш рет 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылғанын, бүгінгі кезекті жиырмасыншы көрме Анкара қаласында өтіп жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, көрмеде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Осман Хората, Ясауи Университеті ректорының уәкілі Муса Йылдыз, «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі суретші Армат Бектас, Қазақстан Республикасының көршілес елдерінің елшілері және Анкарада білім алып жатқан қазақ жастары болды.

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ мәдениеті мен өнерін әлемге насихаттауды көздеген жобаға 30-дан астам қазақстандық суретшілердің жұмыстары қойылды. Бұндай шаралар өнер арқылы қазақ халқының болмысын, өткені мен бүгінін, салт-дәстүрін, таным көкжиегін әлемге әйгілей түсері анық. 

Көрмеден фотосуреттер:

Анкарадан арнайы Массагет үшін: Шерхан Талапұлы

Суреттерді түсірген: Шерхан Талапұлы

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 03 сәуір 2014, 10:10
Пікірлер
+0
03 сәуір 2014, 10:29

Түймебаев Түркияда тұра ма дедім ғой)) жақсы репортаж болыпты)

+0
03 сәуір 2014, 10:33

Суреттер әдемі екен!

+0
03 сәуір 2014, 10:35

Шынымды айтсам, суретшілер көрмесіне көп бармайды екенмін... экспрессинистердің туындыларына қызығамын... Бір қарағанда баланың шимайына ұқсайтын суреттерде, адамзатты тәрбиеге шақыратын үлкен мән жатыр...

+0
03 сәуір 2014, 13:59

Дұрыс екен :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.