- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Солақайдың сыры неде?...
Солақайдың сыры неде?
Бүкіләлемдік солақайлар күні ең алғаш рет 1992 жылы 13 тамызда аталып өткен. 1990 жылы бұл мерекені атап өтуді ұсынған - британдық Солақайлар клубы болып табылады. Мереке биыл халықаралық деңгейде жиырм бірінші рет аталып өткелі отыр.
Қазіргі заманда барлық жағдайлар оң қолымен жұмыс жасайтындарға арналған: жазба және асхана қажетіліктері, есіктер мен құлыптар, компьютер тышқандары және т.б. Керек десеңіз, қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Ертеде адамдар өздерін солақай жандардан аулақ ұстап, кемтарлар қатарына жатқызғандығын да білеміз. Бүгінде мектептерде солақай оқушыларды оң қолымен жазуға, ал үйде ата-аналары оң қолымен жұмыс жасауды, тамақтануды талап етеді.
Халықаралық солақайлар күнінің мақсаты – осы бір табиғатынан жаратылысы ерекше жандарға көңіл бөліп, қамқорлық таныту. Бұл күні әлемдегі 500 миллионға жуық солақай адамдар дизайнерлердің, өндірушілер мен тауар сатушылардың назарын өздеріне аударуға тырысады. 13 тамызда солақайлардың қоғамдық ұйымдары көптегеген іс-шаралармен оң қолды пайдалануға тыйым салатын қызықты сайыстарұйымдастырады.
Көптеген қоғамда солақайлар қауымына деген теріс көзқарастар қалыптасқан. Бір кездері оларға сотта куәгерлік етуге де тиым салған көрінеді.Оларды әзәзіл деп айыптаған. Психолог мамандар солақайлар ерекше күшті мінез бен қарымды шығармашылық потенциалға ие деп санайды.
Мереке белгіленбес бұрын, сонау 1984 жылдары Халықаралық солақайлар конфедерациясы оңқайлар әлеміне қарсы белгі ретінде құрылғанын айта кетейік. 1985 жылы солақай бірінші сынып оқушыларын оң қолмен жазуға қинады. Бүгінгі күні қинап оң қолымен әрекет еткізудің балалардың психикасына кері әсер ететіндігі анықталып отыр. Зерттеуші ғалымдар солақайлар феноменін әлі күнге дейін зерттей алмай келеді. Тек қана белгілі болғаны солақайлардың жартысына жуығы генетикалық тұрғыда болады, ал кейбірі жүре келе ми қыртысы қызметінің өзгеріске ұшырауы салдарынан болады екен. Сондай-ақ, амалдың жоқтығынан немесе еліктеуден туған солақайлар да бар көрінеді, бірақ олар аз. Айға алғаш табан тіреген адам бірінші сол аяғымен түскен, солақайлардың арасында экстрасенстер көп, солақайлардың көбі жылдың екінші жартысында дүниеге келеді, көктем мезгілінде туылатындары өте аз. Солақайлар су астында оңқайларға қарағанда жақсы жүзеді екен. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары келеді. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды s’ga, яғни, «жы»н деп атау дәстүрі қалыптасқан. Ал солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды. Солақайлықтың ұрпаққа қанмен беріле беретіндігі дәлелденіп отыр. Ана құрсағында жатқан шарананы дәрігерлер 10-11 аптасында солақай немесе оңқайлығын анықтайды. Мұндай азаматтар әлемде Оңтүстік Азия, Шығыс Еуропа, Австралияда көбірек кездеседі. Ал Америка және Африка құрлықтарында солақайлар саны өте аз.
Статистикаға сүйенр болсақ, әлем халықтарының шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Мәселен, әлемдегі әрбір жүз адамның біреуі ғана солақай болып туылады. Қазір Жер шарында 6 млрд-тан астам адам болса, 60 млн адам солақай екеніне осыдан көз жеткізуге болады.Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен. Ал сіз бен біз білетін атақты солақайлардың қатарында: Юлий Цезарь, Александр Македонский, Жанна д׳Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Марк Твен, Чарли Чаплин, Пол Маккартни және Ринго Старр, Мэрлин Монро, Роберт де Ниро, Джим Кэрри, Том Круз, Анжелина Джоли, Николь Кидман, Сильвестер Сталоне, Брюс Уиллис, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Грета Гарбо сынды танымал тұлғалар бар. АҚШ-тың абыройын асқақтатқан үш президент – Рональд Рейган, Джордж Буш, Билл Клинтон да солақайлықтарымен ерекшеленген. Лондон Олимпиадасында абыройымызды асқақтатып алтын медаль алған Серік Сәпиев те солақай екен.
Жоғарыдағы тізімдерге қарасақ, солақайлардың жаратылысы расымен де ерекше құбылыс па деген ойға қаласыз. Қалай болғанда да бүгінгі айтулы мерекеде өзіңіз танитын «ерекше жандарды» құттықтап қоюды ұмытпаңыз!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: 345-games.ru