Сүйінші! Серік Сәпиев - Лондон Олимпиадасының чемпионы!

Сүйінші! Серік Сәпиев - Лондон Олимпиадасының чемпионы!

69 келі салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Серік Сәпиев финалда британдық Фредди Эванспен жұдырық түйістірді.

Қазақ боксшысы өз салмағында мықты екенін ә дегеннен-ақ көрсете алды. Және бірінші раунд қазақ боксшысының пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Екінші раунд барысында да 21 жастағы ағылшын жігіті қорғаныста жүріп 3:6 есебімен Серікке басымдылықты беріп қойды. Ал үшінші раундқа келетін болсақ, алтыннан алқа тағуды мақсат етіп барған спортшымыз бастапқы жүрісінен жаңылған жоқ - 7:4. Жалпы есеп:17:9.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига