"Қыспен келген сыйлық" немесе "табиғаттың әсем көрінісі" адамды таңдай қақтырмай қоймайтыны рас. Себебі мұны адамзат емес табиғат ананың өзі жасады. Бір қарағанда осындай қар орамын белгісіз біреу әдейі жасап кеткен сияқты ой қалдырады. Бірақ, қалай ойласаңыз да мұны жоққа шығару мүмкін емес. Жел боп соққан ауа қарды жерге төселген кілемдей орайды. Қар орамы желдің күш қуатына сәйкес көлемдірек бола түседі.
Айта кету керек, мұндай табиғи үрдіс әрдайым бола бермейді. Өйткені, оған белгілі бір дәрежеде ауа-райы, желдің күш қуаты, қар қалыңдығы секілді жағдайлар әсер етеді. Және де ол үшін тауда бірнеше күн бойы жатқан қар бетіне жаңадан қар түсіп, қардың сапасы мен тығыздығы әр келкі болуы шарт. Мысалы, қардың төменгі бөлігі қатты, яғни тығыз болады, ал жоғарғы беті жабысқақ және ылғалды болады. Қар орамы қалыптасу үшін жел жылдамдығы 10-12 м/с болуы тиіс.
Оқи отырыңыз:
Айға зат таситын пошта қызметі ашылды
Ағаш төбесінде орналасқан мейрамхана
Өз жүлдесінен бас тартқан үндістандық боксшы қыз жазаланды
Сурет: fototelegraf