- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- «Жер сағатына» Қазақстан...
«Жер сағатына» Қазақстан атынан қатысыңыз
Биыл 25 наурызда еліміз халықаралық дәстүрлі экологиялық «Жер сағаты» шарасына қатысқалы отыр. Бұл акцияны өткізу себебі мен себепкерін білгіңіз келе ме?
«Жер сағаты» деген не?
Бұл Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорының (WWF) жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізетін акциясы. Белгіленген күні осы ақпаратты естіген әлем тұрғыны 1 сағат жарықты және энергия қуаттарын өшіреді. Акцияның жалпы мақсаты – табиғаттағы мәселелерге әлемдік деңгейде көңіл бөліп, қолдан келгенше кең көлемде қорғау.
Бұл акция табиғатты бір күнде қайта қалпына келтірмесе де, атмосфераны ластайтын электр энергиясын бір уақытқа тежеп, адамзат баласының күш біріктіріп қорғай алатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда «Жер сағаты» жобасы адамзат тарихындағы ең үлкен акция болып табылады.
Акцияға қай елдер қатысады?
Ең алғаш рет бұл жобаның тұсауы 2007 жылы Сиднейде кесілген. Келесі жылы 35 елден 100 миллион адам қатысқан. 2016 жылы бұл жоба 172 елден 2 миллиард адамның басын біірктірген. Қазақстан аталған акцияға қатысушы елдер қатарына 2009 жылы ресми енген болатын. Ол кезде елімізден Атана мен Алматы қалаларының тұрғындары қатысқан болатын. Ал былтыр миллионнан астам қазақстандық қатысқан.
Акцияға қай елден қандай көрікті жерлер, ғимараттар қатыса алады?
Акцияға қарапайым тұрғындар қатыса алады. Сонымен қатыр, әлемге әйгілі ғимараттар мен көркем жерлер акцияда бой көрсетеді. Римдегі Колизей, Сиднейдегі Опера театры, Нью-Йорктегі «Эмпайр-стейт-билдинг» ғимараты, Эйфель мұнарасы (Париж), лондондық Биг-Бен, Ыстамбұлдағы Көк мешіт, Ватикандағы Петр соборы, Ниагара сарқырамасы, Лос-Анджелестегі халықаралық әуежай және Алматы қаласындағы Көктөбе телемұнарасы мен елордадағы «Бәйтерек» монументі, Президенттің «Ақорда» резиденциясы, т.б. қатысады. Еліміздің барлық қаласында аталған шараға орай велошерулер, флешмобтар ұйымдастырылады.
Г. Берік