- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Жер бетіндегі ең...
Жер бетіндегі ең кәрі ер адам дүниеден өтті
Жер бетіндегі ең кәрі ер адам жапониялық Масадзо Нонака еді. Ол 20 қаңтарда 113 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Kyodo ақпарат агенттігі хабарлады.
Күншығыс елінің азаматы Хоккайдо аралындағы Асеро елді мекенінде немерелерімен бірге өмір сүрді. Оның ұрпақтары осы өлкеде жеке кәсіптерін дөңгелетіп отыр. 1905 жылы дүниеге келген қария газет оқығанды, сумо күресін қарағанды және опералық қойылымдарды көргенді ұнатқан.
Жапониялық азамат әлемдегі ең кәрі адамдардың арасында 30-орында тұрған. Себебі, Масадзодан жасы үлкен 29 адамның барлығы әйел адамдар еді. Ол ең кәрі ер адам ретінде 2018 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Масадзо Нонаканың қайтыс болуына байланысты Жер бетіндегі ең кәрі ер адам дәрежесі 1905 жылдың 15 қазанында дүниеге келген неміс азаматы Густав Гернетке өтті.
А. Қажиев