- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Исландияда Андрей деп...
Исландияда Андрей деп ат қоюға тыйым салынды
Исландияда жаңа туған сәбиге Андрей деп ат қоюға тыйым салынды. Себебі әлемдегі ең танымал есім исланд тілінің фонетикасы мен орфографиясы ережесіне сай келмейді екен.
Тіл сарапшылары комиссиясының шешімі бойынша Андрей деген ат елдегі ұлттық есім беру тіркеуінен алынып тасталған. Ел аумағында дүниеге келген сәбиге енді бұл есім берілмейді, - деп жазады жергілікті MBL басылымы.
Сарапшылар пікірі бойынша Andrej деп жазылу исланд тілінің ережесіне сай келмейді екен. Балаға қойылатын есім өз тілдерінің фонетика мен орфография ережелеріне сай болу керек. Сондай-ақ адам есімдерінде тек исланд әріптері пайдалануы тиіс. Одан өзге адам есімі орыс тіліндегідей род категорияларына сай келіп, оңай септелу де қажет. Андрейге ұқсас Андри, Андреан, Андреас, Андэ және Андрес деп ат қоюға болады.
Андрей деген есім гректерден шыққан. Әйтсе де славян халықтары арасында бұл есім жиі қойылады. Ержүрек, батыл деген мағынаны білдіреді.
О. Сансызбай