- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Бір ғана оқушысы...
Бір ғана оқушысы бар мектеп
Қытай елінің ауыл мектептері үлкен бір мәселеге душар болды. Соңғы кездері мемлекеттегі ауыл мектептері жылдан жылға азайып, жабылу үстінде.
Мұның бірден бір себебі ауыл тұрғындарының қалалы аумақтарға үдере көшіп жатқандығы. Жергілікті ауыл адамдары ірілі-ұсақты қала орталықтарына жарқын өмір мен тұрақты жұмыс орны табылып қала ма деген үмітпен қарқынды түрде жер аударып жатыр. Соның тарапынан техникум, колледж, училище секілді орта деңгейлі арнайы білім беру орындарына сұраныс жоғарылап, оқушылардың оқуға деген ынталары күннен күнге артып келеді. Егер біз бұны бір жағынан жақсы деп қарастыратын болсақ, екінші жағынан өкінішке орай таяқтың екі ұшы бары белгілі. Қытайдың Фуцзянь қалашығында Ху Янг есімді бала өз сыныбындағы жалғыз оқушы. Яғни өзі топ басы, кезекші, спорт секторы айта берсек көп. Мәселенің барлығы Ху оқушының провинция мектебінде бастауыш сыныптың жалғыз ғана оқушысы болуында. Үш қабатты, 24 сыныбы бар орта мектеп 2005 жылы тұрғызылған. Содан бері мектеп сыныптары уақыты келе қаңырап жатыр. Қазіргі кезде мектепте екі ғана мұғалім сабақ өтеді.
Осыдан біршама жыл бұрын мектепте 80 оқушы болса, бір жылдан кейін оның саны 17-ге төмендеген. Худың ұстазы Ченг Чисионгтың айтуынша, мектепте екі мұғалім болғанымен олар өз оқушыларын барлық пән бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқытып жатырмыз дейді. Ұстаздары Хуға жақсы көңіл бөліп, оған барынша оқушы сезінуге толық жағдай жасап беріп жатқан көрінеді.
Оқи отырыңыз:
Мойындалған "Халық қаһармандары"
Ким Ун Ён – әлемдегі ең ақылды адам
Бизнес және жарнама туралы қызықты мәліметтер
1 миллион долларға қандай үй сатып алуға болады?
Көшпенділер мен ораза айт немесе 124 жыл бұрын қалай тойланған?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: mirfactov.com,ralavada.ru
Н. Нұрмаханұлы