1 миллион долларға қандай үй сатып алуға болады?

1 миллион долларға қандай үй сатып алуға болады?

Кейптаун қаласында бағасы 981 мың АҚШ долларын құрайтын 929 шаршы метрлік бес жатын бөлмесі, кинотеатры мен бар үстелі бар үлкен сарай үйді сатып алуға болады.

Бағасы: 980 мың 510 доллар

Араб еліндегі Дубай қаласынан 1 миллион 90 мың АҚШ долларына көлемі 176 шаршы метр болатын теңіз жағалауына қарайтын баспана иеленесіз.

Нақты бағасы: 1 миллион 88 мың 954 доллар

Сидней қаласында Корольдік ботаникалық бау-бақша сарайына жақын орналасқан жерде аумағы 92 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй бір миллион АҚШ долларға бағалануда.

Нақты бағасы: 1 миллион 9 мың 543 доллар

Ауданы 126 шаршы метр болатын, көп деңгейлі пәтерлі үй 1 миллион 55 мың АҚШ долларына Жапония Астанасы Токио қаласында сатылуға қойылған.

Толық бағасы: 1 миллион 50 мың доллар

Егер сіздің қолыңызда 993 мың 600 АҚШ доллары болған жағдайда Лондон қаласынан аумағы 84 шаршы метр болатын үш жатын бөлме, үш қосымша бөлме және самалдығы бар пәтерді иелене аласыз.

Нақты бағасы: 993 мың 601 доллар

Нью-Йорк қаласы қалталы азаматтарға 995 мың АҚШ долларына бір бөлмелі 60 шаршы метрлік үй ұсынады. Ол Манхэттен ауданының  батыс бөлігінде табан тіреген. Жоғарғы жағында тәулік бойы қызмет көрсететін швейцары бар терраса орналасқан. Сіздің қызметіңізге арнайы жаттығу залы мен кір жуу бөлмесі жұмыс жасайды.

Нақты бағасы: 995 мың доллар

1 миллион АҚШ долларына Киевте екі ваннасы бар үш бөлмелі пәтер сатылымға түсті. Үй іші жылы еден мен үй кинотеатрымен жабдықталған.

Нақты  бағасы: 1 миллион доллар

Махаббат мекені деп аталатын Париж қаласында құны 1 миллион АҚШ доллары болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол Виктор Гюго қиылысындағы ғимараттың үшінші қабатында орналасқан.

Нақты бағасы: 1 миллион 7 мың доллар

Алматы қаласынан бағасы 1 миллион 100 мың АҚШ доллары тұратын, аумағы 730 шаршы метр жерді алып жатқан Медеу аудандық өңірінен он бөлмелі алып үйді сатып алуға болады.

Нақты бағасы: 1 миллион 100 мың доллар

Гонконг қаласында 1 миллион АҚШ долларына теңіз жағалауына қараған үш жатын бөлмелі пәтерді сатылымға қойды.

Нақты бағасы: 1 миллион 6 мың  445 доллар

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең әдемі 12 шатыр

Таңғажайып төңкерілген үйлер

Әлемдегі ең қымбат қонақүйлер

Сахарада жаңа заманғы қала бой көтеруі мүмкін

Жаңажылдық сәндеуге 500 000 ойыншық жұмсалды (видео)

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет:www.nileguide.com,www.guatacrazynight.com

Н. Нұрмаханұлы