Адамзат игілігі үшін көп күш пен қаржы бөлген елдер рейтингі шықты

Адамзат игілігі үшін көп күш пен қаржы бөлген елдер рейтингі шықты
Фото: vk.com

The Good Country ұйымы адамзат игілігі үшін көп күш пен қаржы бөлген елдер рейтингін ұсынды. Толық тізімді мына сілтемеге өту арқылы көре аласыздар.

Жалпы саны 153 елден тұратын тізімді Финляндия бастады. Ең аз ақша "құйғандар" Йемен, Ливия мен Ирак деп көрсетілген екен. Қазақстан бұл тізімде Буркина-Фасо мен Нигерияның ортасындағы 105 орынға  тұрақтаған.

Рейтинг авторлары негізгі 7 критерийге сүйенген. Олар: ғылым мен технология, мәдениет, бейбітшілік пен қауіпсіздік, тәртіп, климат пен Жер шарына қамқорлық, теңдік пен денсаулық. Алдымен әр критерий бойынша рейтинг құрастырылып, кейін жалпы нәтижесі шығарылған.

Мысалы біздің ел "ғылым мен технология" бойынша 107-орын, "мәдениет" критерийінің нәтижесінде 127-орын, "бейбітшілік пен қауіпсіздік" бойынша 18-саты, "тәртіп" бойынша 100-орын, "климат пен Жер шарына қамқорлық" 129-шы, "теңдік" 142-саты болса, "денсаулық пен әлеуеттік жағдайы" 153 елдің ішінен  54-сатыға тұрақтаған.

Ал, алғашқы ондық төмендегідей:

1. Финляндия
2. Ирландия
3. Швеция
4. Германия
5. Дания
6. Швейцария
7. Норвегия
8. Франция
9. Испания
10. Канада 

А. Оралқызы