Жер шарының ең кәрі тұрғыны өмірден өтті

Жер шарының ең кәрі тұрғыны өмірден өтті
Фото: vk.com

Әлемнің ең кәрі тұрғыны болып келген Наби Тадзима есімді Жапония азаматшасы бақилық болды. Ол қаңтар айынан бері ауруханада жатқан. Толық жасы – 117.

Наби Тадзима 1900 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Артынан 160 ұрпағы қалды. Тадзима ең кәрі адам ретінде осыдан жарты жыл бұрын танылған еді. Сол кезде Вайолет Браун есімді ямайкалық әже де 117 жасқа келіп мәңгілік мекеніне аттанған-ды.

Геронтологиялық зерттеулер Институтының мәліметтері бойынша, енді ең үлкен тұрғын атағы Тийо Миякоға беріледі. Ол да жапониялық және бірнеше күннен кейін 117 жасқа толады.

А. Оралқызы