Жеке аралдары бар ең бай жұлдыздар

Жеке аралдары бар ең бай жұлдыздар
Фото: winterbluemusic.com

Адамның байлығын сіз қалай бағалайсыз? Бай деп кімді айтасыз? Bentley мінген адамды ма әлде Bugatti мінгенді ме? Жоқ әлде теннис алаңы бар алып үйде тұратын адамды айтасыз ба? Ал, кейбір адамдар жинаған дәулетіне арал сатып алған екен. Ия, байлық не істетпейді...Аралда демалуды жаны сүйетін жандар үшін оны сатып алу түк емес. Жеке аралдары бар ең бай жұлдыздарды біле отырыңыз!

Николас Кейдж – Лиф Кей, Багам аралдары.

Николас Кейдж дүние шашқыштығымен көпке танымал. Оның  тіпті қолтырауы, динозавры бар үйді, коттеджді, барлығын сатып алуға байлығы жетеді. Актер 2006 жылы 3 миллион долларға Багам аралдарындағы Лиф Кей деп аталатын аралды сатып алды. 

Эдди Мерфи – Рустер Кей, Багам аралдары

Танымал ең көп қаржы табатын америкалық актерлердің бірі Эдди Мерфи 2007 жылы Багам аралдарындағы Рустер Кей аралын 15 миллион долларға сатып алды. Алса алғандай десек болады. Себебі, Мерфидің табысы 85 миллион доллар. Кейбір қауесеттерге сенсек, ол соның жанындағы тағы бір аралды қосып сатып алған көрінеді. 

Фэйт Хилл и Тим МакГроу – Гоут Сити, Багам аралдары.

Кантри музыка орындаушылары Фэйт Хилл және МакГроу отбасында ғана емес, былайғы өмірде де бақытты. Ерлі-зайыпты жұлдыздардың жалпы табысы 165 миллион долларды құрайды. Сол себепті де олар үшін бұндай аралдарды сатып алу түк емес.

Рики Мартин – Ангра-дус-Рейс, Бразилия.

Әлемге "Livin’ la Vida Loca" әнімен танымал пуэрторикалық әнші жыл сайын қайырымдылық жасауды ұмытқан емес. Сөйте тұра өзіне де жұмсауды ұмыт қалдырмайды. Ол 2008 жылы Бразилиядағы Ангра-дус-Рейс аралының иесі атанды. Әнші бұл аралды бар болғаны 8 миллион долларға сатып алған. Бірақ онда әлі 60 миллион доллар қалған. 

Селин Дион – Иль Ганьон аралы, Квебек, Канада.

"Грэмми" жүлдесінің бірнеше дүркін жеңімпазы өзіне қолайлы арал іздеуін тоқтатпады. Ақыр аяғында ол іздегенін өзінің туған елі Канададан тапты. Байлығы 280 миллион доллар болатын Селин Дион квебектегі Иль Ганьон аралын сатып алды да ол жерге таңғажайып қамал салды. Әнші аз уақыт ішінде оны 29,7 миллион долларға сатқан.

Ж. Жұмағұлов