Брюссель орталығына гүлмен өрілген өрнекті кілем төселді

Брюссель орталығына гүлмен өрілген өрнекті кілем төселді
Фото: fr.metrotime.be

Брюссельдің орталығына мыңдаған гүлден кілем төселді. Мәңгілік тұрмаса да, мән мағынасы зор туынды Гранд-плас алаңына келген қонақтардың көз қуанышына айналған.

Мұндай кілемді Брюссельде екі жылда бір рет қана көруге болады. Оның өзінде арнайы бір тақырыпқа негізделеді. Биыл гүлді кілем 20-сыншы рет төселді. Түрлі түсті гүлмен көмкерілген кілем Бельгия мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың 150 жылдығына арналған. Көздің жауын алар көркемдікті жасауға дәстүр бойынша түрлі түсті жүз мыңға жуық бегония гүлі мен он мыңнан астам нарғызгүл жиналған.

Дереккөз: 24.kz

Г. Берік