Алып қытайлардың суреттері

Қытайлық блоггер Toutiao.com сайтына Цин әулеті заманының соңында өмір сүрген алып қытайлардың бес сирек суретін жариялады. 1841 жылы туған Чжань Шицай − қытайлық алыптардың ең атақтысы. Қытайлық-аустралиялық тарихи қоғамның ақпаратынша, ол Фуцзянь провинциясында туған.

Чжаньның бойы − 2,44 метр. Чжань 1865 жылы Лондонға көшеді. Батыста білім алады. 10 тіл меңгереді. Ол Ұлыбританияда қытай шайының дүкенін ашады.  Чжань 50 жасында өмірден озады. 

Чан Чан Яньмин Юньнань провинциясында туған. Бойы 2,41 метр. 

Төменде тағы бір бойы ұзын, алып қытайдың бейнесі

Әлемдегі бойы ең ұзын адам америкалық Роберт Вадлоу (2,72 метр) болған еді. 22 жасында өмірден озған оның бойы қайтыс болғанға дейін өсуін тоқтатпаған.

Дереккөз: inform.kz