Әлемдегі ең бақытты тазалаушы (видео)

Мектепте тазалаушы болып жұмыс істейтін Паттон есімді ер кісі өз ісіне адал жан. Ол мектептің тазалығына жауапты болғандықтан, мектепте оқитын оқушылардың үнемі таза сыныпта білім алғандарын қалайды. Бұл жақтағы мұғалімдердің айтуынша, ол тек тазалықты ғана емес, одан бөлек балаларға қарап, кей кездері мұғалімдерге де көмегін аямайды екен. Оның жұмысқа деген адалдығы мен еңбекқорлығы мектеп әкімшілігі тарапынан бейжай қалмады. Кішкентай бүлдіршіндер мен мұғалімдердің ұзақ уақыт бойы әзірлеген тосын сыйлары мистер Паттонның жүрегін елжіретіп, әлемдегі ең бақытты тазалушы етті. 

Паттон: - Үйге барған кезімде менің жұмысымның мәні бар екенін білу мен үшін маңызды.