Әзірбайжан суретшісі президенттерді трансформерлерге айналдырды

Әзірбайжан суретшісі президенттерді трансформерлерге айналдырды
Фото: © Gunduz Agayev

Суретші-иллюстратор Гундуз Агаев мемлекет басшыларын трансформерлер түрінде бейнеледі. Ол әлемдік көшбасшылардың сана-сезімі автокөліктерге ұқсас келетінін байқаған.

Агаевтың иллюстрациясында классикаға айналған лондондық екі қабатты автобус Елизавета ІІ-нің тәжіне айналған, ал Lada автомобилі Владимир Путинге айналып кеткен. Полицияның бронды машинасы Барак Обамаға айналған. Ол АҚШ президенттігінен үмітті Дональд Трампты көрсетіп тұр.

Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизавета.

Германия канцлері Ангела Меркель.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған.

Иранның бұрынғы басшысы Әли Хаменеи.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ын.

Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Барак Обама.

Айта кетейік, бұл суреттер суретшінің жұмыстарының соңғы сериясынан алынған. Ол бұған дейін де бірқатар қызықты әрі даулы серияларды ұсынған.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін