Рио-де-Жанейро мешін жылын 16 минуттық отшашумен қарсы алды (видео)

Рио-де-Жанейро мешін жылын 16 минуттық отшашумен қарсы алды (видео)
Фото: re-actor.net

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі миллионға жуық адам Жаңа жылды қаланың оңтүстік бөлігіндегі Копакабана жағалауында қарсы алды. Дәстүр бойынша ұйымдастырылған ғажайып отшашу 16 минутқа созылды.

Жағалауда 2016 жылы жүз жылдығын атап өтетін ұлттық музыкалық жанр- самбаға арналған концерт басталды. Мешін жылын қарсы алуға жиналған жұртшылықтың қауіпсіздігін әскери полицияның 2215 қызметшісі қамтамасыз етті. Бұл өткен жылға қарағанда 28 пайызға артық, былтыр олардың саны 1729 адамды құраған болатын. Оларға азаматтық полиция, муниципалды күзет және қоғамық тәртіпті сақтау мэриясы департаментінің қызметкерлері қолғабыс етті.

Бұған қоса, әйгілі жағалау мен аттас жағажайдағы 30 орында бейнекамералар орнатылған. Олардың көмегімен тәртіп сақшылары қажет кезде қылмыскерлерді құрықтау бойынша операцияны үйлестіре алады. Копакабанада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жаңа жыл түні 176 патрульді көлік пен тікұшақ бөлінді.

Дереккөз: bnews.kz

Н. Үсенова