Биыл әлем халқының саны 7,3 миллиард адамға жетеді

АҚШ Халық санағы бюросының соңғы мәліметі бойынша 2016 жылда әлем халқының саны 7,3 миллиардқа жетеді.

1 қаңтарда әлем халқының саны 7 миллиард 295 миллион 889 мың 256 адамды құрайды деп болжанып отыр. Бұл – өткен бір жылда Жер шары халқының саны 78 миллионға (1,08 пайыз) ұлғайды деген сөз.

АҚШ-та жыл басында халық саны 2,47 миллионға немесе 0,77 пайызға артып, 322 миллион 762 мың адамды құрайды. 2010 жылғы соңғы халық санағынан кейін АҚШ тұрғындарының саны шамамен 14 миллионға көбейді.

Әлемдегі ең халқы көп ел – Қытай (1,367 миллиард адам), одан кейін Үндістан (1, 252 миллиард адам) және АҚШ, Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Бангладеш мемлекеттері рет-ретімен орын алады. Ресей 142,423 миллион адаммен 9-орында, оныншы орында Жапония тұр. 

Дереккөз: baq.kz