Дохадағы мешіт үздік сәулет туындысы деп танылды

Сингапурде өтіп жатқан Бүкіләлемдік сәулет фестивалінде 2015 жылдың ең үздік архитектуралық жобалары белгілі болды. Аталмыш фестивальдің "Дін" аталымы бойынша Доха (Катар) қаласындағы мешіт жеңімпаз деп танылды, – деп жазады Tengrinews.kz.

Ерекше салынған ғимараттан екі жолақ созылып келіп мұнараға айналып кетеді. Биіктігі 90 метр болатын қос мұнара құбылаға қарай бағытталған. Мешіт 1 800 адамға арналған. Ішінде дәрісханалар мен кітапхана орналасқан.