Стамбул әуежайының қызметкері ғимараттан 25 мың еуро тауып алды

Стамбулдағы халықаралық әуежайдың еден тазалаушысы 24,5 мың еуро салынған сөмке тауып алып, оны иесіне қайтарды, – деп жазады РИА Новости.

Эмрах Эвренсель есімді қызметкер сөмкені VIP-бөлменің дәретханасынан тауып алған. "Ақшаны алып қалсам ба деген де ой болды. Біраз ойландым да, дұрыс жолды таңдадым", – деді Эмрах. 

Құрамына Стамбул әуежайы кіретін TAV холдингінің бас менеджері Кемаль Унлю Эмрахқа алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Айта кетелік, еден тазалаушы жұмысы үшін айына 350 доллар алады екен.