Аустралияда жауған ақша қар

Биылғы жаз айы өткен жылдармен салыстырғанда ыстығырақ болып тұр. Шіліңгір шелденің ыстығы бәрімізді әуреге салып қойды. Түс мезетінде көшеде жүрудің өзі қиынға айналды. Қазақстанның көптеген аудандарында 33-тен 44º-қа дейінгі жоғары температура көрсетіп тұр. Сынап бағанасы әлі де жоғарылауы мүмкін. Ал әлемнің өзге елдерінде ауа-райы әркелкі. Мәселен, бүгін Аустаралия тұрғындары қалың жауған қардың куәсі болды. 

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында күн суытып кетті. Тұрғындар ауа температурасының төмендеп кеткенін айтады. "Біздің балаларымыз бұндай қарды ешқашан көрген емес. Бұл нағыз ғажайып!" дейді таңқалған жұрт. Ақша қардың әдемілігін суреттерінде сақтап қалуда ойлағандар фотоаппаратымен әуре. Бір фотограф жолда кетіп бара жатқан үш кенгруді таспаға тартып үлгерген екен. Бұл жануардың өзі бұндай қызықты көріп, не істерін білмей қалғандай. Дәл осындай қызықты суреттерді төменнен тамашалай аласыздар.