Горилла хайуанаттар бағының қоршауын сындыра жаздады

Горилла хайуанаттар бағының қоршауын сындыра жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Еркек горилла хайуанаттар бағының әйнек қоршауына секіріп, сындыра жаздағаны бейнеленген видео Youtube желісіне жүктелді. Бұл видео бір апта уақыт ішінде 15 629 544 рет көріліп үлгерді. Кейін бұл түсірілімнің АҚШ-тағы Небраска штатындағы хайуанаттар бағында болғаны анықталды. Желі қолданушылары үлкен маймылдың күшіне таңғалғанын жасыра алмады.

сурет: 900igr.net