Шварценеггер шлемсіз велосипед айдағаны үшін ескерту алды

Полицейлер Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггерді Аустралияның Мельбурн қаласында шлемсіз велосипед айдағаны үшін тоқтатты. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген құқық қорғаушылар актерді көп ұстамай, жақын маңдағы дүкеннен бас киім сатып алуға кеңес берген, – деп хабарлайды Bnews.kz.

Аға констебль Роберт Гилсонның айтуынша, полицейлер шлемсіз велосипед айдап бара жатқан бір топ адамды көріп қалып тоқтатады. Топ ішінде Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггерді де байқайды.

Мельбурн заңнамасы бойынша шлемсіз велосипед айдағандарға 146 Аустралия доллары (110 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады. Алайда, полицейлер актерді босатып жіберген. Олардың айтуынша, әдетте, туристерге айыппұл салынбайды, тек жол жүру ережелері түсіндіріледі.

сурет: splashnewsonline.com