Оқ атпайтын танктың қызметі (видео)

Оқ атпайтын танктың қызметі (видео)

Рауль Лемесоф (Raul Lemesoff) – ешкімге ұқсамайтын өнер адамы. Ол Аргентина елінің Буэнос-Айрес қаласында тұрады. Әртіс «Weapon Of Mass Instruction» (Arma de Instruccion Masiva) деп аталатын ерекше танк ойлап тапқан. Қазақша мағынасы - «Жаппай нұсқаушы қару». Рауль өзінің суық қаруын надандықпен күресу үшін пайдаланады екен.

Өнертапқыш 1979 жылғы ескі Форд Фалкен (Ford Falcon) көлігін қайта құрастырған. Көліктің жоғарғы бөлігі айналады. Оған қосымша танк қаруы орнатылған. Темір сауыттың іші мен сыртына Рауль 900 кітап сыятындай етіп сөре жасаған.

Бұл танк туралы видеоны «7Up» шоу бағдарламасы түсірген. Рауль Буэнос-Айрес қаласының көшелерін аралап, кездейсоқ жолаушыларға кітап таратады. Өтініші - "кітапты міндетті түрде оқып шығу керек".

Рауль бағдарламаға берген сұхбатында: «Менің жұмысым өте қауіпті. Себебі мен халыққа күтпеген жерден шабуыл жасаймын»,-деп қалжыңдады.

Сурет:www.youtube.com

Н. Нұрмаханұлы