Жалғыз жолаушыға бола ұшқан жалғыз ұшақ

Жалғыз жолаушыға бола ұшқан жалғыз ұшақ

Англия әуе тасымалы компаниясының «Боинг 747/008» жолаушылар тасымал ұшағы кезекші Лондоннан Токиоға ұшу алдында шырғалаң себебінен 20 сағат кешеуілдейді. Токиодан Лондонға қайта ұшуға тиісті осы ұшақты күтіп жүрген жолаушыларды жолдан қалдырмау үшін Англия әуе тасымал компаниясы бұл жолаушылардың басқа компанияға тиесілі ұшақпен ұшып кетуіне көмектеседі. Жиыны 190 жолаушы Англия жақтың орналастыруымен басқа ұшаққа бөлініп отырып, Лондонға жол тартады. Бірақ, солардың ішіндегі Дажушиозы есімді кемпір басқа ұшаққа ауысуға еш көнбейді. Өз айтуы бойынша сөзсіз 008 нөмірлі кезекші ұшаққа отырамын дейді. Сонымен сирек кездесетін бұл оқиға ақыры жүзеге асады. Токио мен Лондонның ара қашықтығы 13 мың шақырым, оған барып-қайтатын 008 нөмірлі кезекші ұшақтың отыратын жолаушы саны біреу-ақ. Ол әлгі Дажушиозы атты қария. Ұшақта жалпы 353 кісілік орын бар. Әуе кемесінде қариядан басқа 6 ұшқыш, 15 ұшақ қызметкері бар. Біреулер осы жолғы қатынауға жалпы есепте 100 мың АҚШ доллары шығын келгенін айтады.

Шын адалдық өте тамаша адамдық қасиет. Егер Англияның әуе компаниясы осы рейсті күшінен қалдырса онда олар осыдан кейінгі мыңдаған, миллиондаған адамдардың сенімінен айырылған болар еді.

Сурет: hibara.net

M. Auelkhan