11 жастағы талантты суретші

11 жастағы талантты суретші

11 жастағы талантты суретші баланың аты – Душан Кртолица. Сурет сызуды екі жасынан бастаған. 8 жасқа дейін өзінің жеке сурет көрмесін екі рет өткізген. Бұл суреттер Душанның қаламмен сызған жаңа эраға дейінгі жан-жануарлары және түз хайуанаттары, гүл, құрт, балық тектес дүниелер.

Душанның есте сақтау қабілеті кісі таңданарлық деңгейде екен. Әке-шешесі оған жануарлар энциклопедиясын сатып алып берген. Ол үш аптаға жетпейтін уақытта ішіндегі барлық жануарды жаттап алған және кітапқа қарамай, бәрінің суреттерін салып шыққан.

Ол біздің заманымызға дейінгі мақұлықтардың бәрін таниды екен. Екіленбей-ақ бәрінің атын айтып та береді. Ол әр суретіне үлкен шабытпен, беріле кіріседі, есейгенде жануарлар әлемін зерттейтін ғалым болғысы келеді.

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan