Жаны басқа, тәні бір адамдар

Жаны басқа, тәні бір адамдар

Оңтүстік Бразилия елінің Кандиду-Годой ауданын жергілікті жұрт «Егіздер қаласы» деп атайды. Себебі бұл аймақта туылатын жас сәбилердің 10 пайызы дүние есігін егіз болып ашады. Кейбір қаңқу сөзге сенбейтін адамдар көздерімен көріп жағаларын ұстап қайтатын көрінеді. Шынымен сенбейтін жөні бар секілді, өйткені статистикаға көз жіберсек қала, ауыл, аудан сияқты мекендермен салыстырғанда егіздік есебі 1000 пайызға жоғары. Мұндай ерекше феноменді оқымыстылар  бірнеше жолмен түсіндіреді.

Кей адамдар жергілікті жердің су құрамынан көрсе, келесі біреулер Гитлердің ең қатыгез ермелерінің бірі Йозефа Менгелдің мойнына  кінә артып жатады. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Менгел жан түршігерлік медициналық эксперимент жасау арқылы фюрер үшін мінсіз арийлік нәсіл адамын жасап шығармақшы болған. Менгелді егіз бала туылудың не себептен дүниеге келетіні қатты қызықтырған екен. Осылайша ол халық демографиясын бірден бірнеше есеге көбейткісі келді.

Йозеф Менгел

Ұзын құлақтардың айтуынша, Менгел соғыс аяқталғаннан кейін Бразилияның Кандиду-Годое ауданына барып қоныстанған. Жергілікті тұрғындардың ойынша, Менгел дәрігер атын жамыла 1960 жылдары бірнеше мәрте келіп әр түрлі сырқаттан емдеген. Ол науқас әйел атаулысының барлығына күмәнді дәрі-дәрмек беріп, қарапайым дерттерден емдеп жазғандай болады. Уақыт өте келе кейіннен халық амалдап ішкен дәрілерін егіз бала саны мүмкіндігін жоғарылататын гармон деп болжайды. Менгелдің қарапайым адамдарға әсер еткені соншалық, тіпті бес жасар балаңыз суретін көре қалса бірден Менгел деп тани кетеді. Бірақ ғалымдар бұл гипотизаны баяғыда жоққа шығарып қойған. 2009 жылы генетик Урсула Матте мен оның жасақтап шыққан жиырма зерттеушісі 30 жүкті әйелге ДНҚ сараптамасын жасайды. Сараптама су құрамы немесе Менгелдің бұл жағдайға ешқандай қисынға келмейтінін көрсеткен. Ал ақиқаты белгілі бір әйелдерде егіз бала тууына жауап беретін ортақ ген бар.

Сан-Педро ауылында 1959-2008 жылдары  436 нәрестенің 33-і егіз болып туылған. Ал бұл көрсеткіш егіздердің туылу деңгейінің ең биік нүктесі.

Оқи отырыңыз: 

Әр елдің үй түрлері

Әлемдегі ең қысқа метро

Әдемі қартайған әжелер

Қоянның тісі өмір бойы өседі

Әйнектен жасалған қыл көпір

Таңғажайып төңкерілген үйлер

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:4tololo.ru

Н. Нұрмаханұлы