Мұңлы мысық миллиондардың назарында

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде мысықтардың да таныла бастағанына көп уақыт. Интернет-сенсация болып отырған Snoopybabe атты мысық баласы осы тұста еріксіз көңіл аудартады. Бүгінде оның Weibo мен Twitter парақшасының қытайлық нұсқасында 275 000 жазылушысы, Instagram-да 190 мыңға жуық жанкүйері бар болып шықты... 

Америкалық тазығыр (короткошерстный) мен парсы мысығының буданы саналатын Snoopybabe Қытайдың көп провинцияларының бірінде дүниеге келген. Өзінің қара мөлтілдеген жанары мен сүп-сүйкімді танауы, жұмсақ ақ ұлпасы миллиардтың арасынан көзге түсіп отыр. 

Осы бір ұнамды мысықтың суреттері жарияланғанына көп те болмапты. Қожайыны Нин ханым да бастапқыда мысығына мұншалықты көп таластың болатынын күтпеген. Алайда, әртүрлі бет-бедерде, көйлек-көншекте түсірілген суреттерден атағы аспандап кете барғанын түсінген. 

Бүгінде кейбір компаниялар мұңлы мысыққа деген өз ерік-тілектерін жасырмауда. Оның айқын көрінісі, демеушілік жағына қарастыруға дайын.

Бәрінен бұрын, өз-өзіне өкпелі мысық сізге ұнады ма?

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MAYQJC8X7lA","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:  laughingsquid.com