Бүгін қандай күн?

Бүгін қандай күн?

Бүгін әлем халықтары қандай мерекені атап өткелі отыр? Ал біздің елде осы күні қандай маңызды оқиғалар болған?

1. 26 қыркүйек – Еуропалық тілдердің күні (European Day of Languages). 2011 жылдың 26 қыркүйегінде белгіленген күннің мақсаты – әртүрлі тілде сөйлеуді, әлем елдерінде, әсіресе Еуропада әр түрлі тілдерді оқытуды қолдау. Соңғы кездері бірнеше тілде еркін сөйлей алатын мамандарға деген сұраныс өсіп келуде. Ондай жастардың елімізде көбеюі қуантарлық жағдай.

2. 26 қыркүйек – Халықарлық теңіз күні (World Maritime Day). Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 1978 жылдан бері тойланып келеді. Халықарлық теңіз күнінің мақсаты әлемдік қауымдастықтың назарын теңіз мәселелеріне аудару. Қазірдегі балық аулау шаруашылығы, теңіздерге қоқыстарды лақтыру мен климаттың өзгеруі теңіздерге үлкен зақым тигізуде. Басты мақсаттар теңіздің ластануына жол бермеу, соның ішінде теңіз суына мұнайдың төгіліп кетуінің алдын алу.

3. Сондай-ақ, бүгін Қазақстанда көрсетілетін «Мәдениет» телеарнасы 2 жасқа толып отыр. Бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінен кабелді телевизия арқылы эфирге шықты. Телеарна ұжымы мәдениет саласындағы басты жаңалықтар мен танымдық ақпаратпен қуантуда.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vmireinteresnogo.com