Ғарышқа ұшқан ойыншық (видео)

Үш баланың әкесі Николас балаларының ойыншықтарын ғарышқа ұшырып отыр. 

Балалар кейде қисыны келмес қиын істердің орындалуын күтеді, ал ата-ана өз кезегінде орындауға белді бекем буып жатады... Өткен жылдың желтоқсан айында үш баласы Николасқа үміт артып, сүйікті ойыншықтарын ғарышқа ұшыруын өтінеді. Азырақ ойлана келе, әкесі келісім беріп, кейіндеу ол уәденің тым қарапайым емесін аңғарады. Ақырында, балалар тілегін орындау үшін үлкен жұмыс атқаруына тура келеді.

Алғашында ол неден бастарын білмепті, арада төрт ай өткенде қолында керек-жарақтың бәрі болыпты. Америкалық дүкендердің бірінен ғарышқа ұшқан ойыншықтардың кеңістікте қалқып жүру сәтін көрсететін аппарат сатып алған. 

Демалыс күні отбасы мүшелерін серуенге алып шығады... Әуе шарын арнаулы Ballonium газымен толтырып, балалар ойыншығы тұрған себетке жалғастырып, ауаға жібереді. Жоғары қабатта салқынмен зақымданып, дұрыс мекен-жайды көрсетуден қалған GPS қондырғысы 300 шақырым ұшқан соң, егістік алқабына келіп қонған.

Балаңыз аяқ астынан аспандағы ай мен жұлдызды алып беруді сұраса, ойланып көріңіз, мүмкін, әлдеқалай жолы табылып та қалар.

Ата-ана болсаңыз, балаларыңыздың мұндай өтінішін орындар ма едіңіз?

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/-cLaERJXKb8","width":"450","height":"360"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: youtube.com