- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тері қатерлі ісігіне...
Тері қатерлі ісігіне қандай адамдар бейім – дәрігер жауабы
Қазақстандық онкологтар тері қатерлі ісігінің алдын алу және қорғау шаралары туралы айтты. Бұл туралы Tengrinews жазды.
Сарапшылардың пікірінше, тері қатерлі ісігінің бір түрі – меланомаға I және II фототиптер, яғни ақшыл шашты және ақ терілі адамдар шалдығуға бейім келеді. Үшінші фототипті ашық және қара қоңыр шашты адамдар да бұл ауруға шалдығу ықтималдығы жоғары.
Аурудың ең жоғары деңгейі 65 жастан асқан адамдарда кездеседі. Сондықтан егде жастағы адамдар күн сәулесінен қорғануы керек. Жастар күн астында күйіп қалудан сақ болуы қажет.
"Кез келген тері қатерлі ісігінің негізгі факторларының бірі – күн сәулесінің шамадан тыс әсер етуі. Егер адамдар жас кезінде күн сәулесіне көбірек күйіп қалған болса, онда қартайған шағында тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 50 пайызға артады", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкодерматологы Дина Төлеуова.
Онкологтар күн қатты ысыған уақыт яғни түсте ультракүлгін күн сәулесінен аулақ болу керек дейді.
"Ең қолайлысы – таңертеңгі және кешкі күн сәулесі. Сәуле қиғаш түскенде, озон қабаты көбірек ультракүлгін сәулені бейтараптайды. Ыстық ауа райында бас киім кіип мен қолшатыр алып жүру керек", - дейді онкодерматолог Алексей Ивакин.
"Жалпы, терінің түріне қарамастан, барлық адамдар күн сәулесін дұрыс қабылдауы керек. Күнге күюге болатын уақыт таңғы 06:00-ден 09:00-ге дейін және кешкі 16.00-ден кейін. Бұл уақытта теріге онша зиян келтірмейтін күннің қиғаш сәулелері түседі. Ақ терілі адамдар күннен қорғануы керек. Себебі ақ теріде теріні қорғайтын пигмент жоқ. Олар тотықпайды, бірден күйіп кетеді. Сондықтан, күннен қорғанудың ең жақсы жолы – күн астында өткізудің шектеулі уақыты", - дейді онколог Дина Төлеуова.
Егер саяхатқа, тауға, суға шомылуға барсаңыз, міндетті түрде сізде ұзын жеңді көйлек, бас киім, қалпақ, көзілдірік болу керек. Күнге шығудан 30 минут бұрын бүкіл денеге қорғаныс деңгейі 50-ден кем емес SPF кремін жағыңыз. Шомылу кезінде кремді әр 2 сағат сайын жаңартып отыру керек дейді мамандар.
"Тері ісігі – бұл көзге көрінетін ісік, тіпті науқастың өзі де терісінде кейбір өзгерістерді, меңдерді байқай алады. Көбінесе әйелдер тері обырына шалдығады, бұл олардың жиі күнге күюіне байланысты болуы мүмкін. Ең бастысы – уақтылы дәрігерге көрініңіз. Медициналық көмек көрсетілсе, ем соғұрлым тиімді болады", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог қандай адамдарға өрік жеуге болмайтынын айтқан болатын.
Т. Раушанұлы