- Негізгі бет
- Денсаулық
- Сұлу болудың бір...
Сұлу болудың бір сыры
Әдемі болуды қаласаңыз, дәрумендер қабылдаңыз. Мәзіріңізді түрлендіріп тамақ ішпесеңіз, көктемде авитаменоз ауруына, яғни дәрумен жетіспеушілігіне ұшырауыңыз мүмкін.
А дәрумені теріні нәрлендіріп, жасартады, көздің көруін жақсартады. Сондай-ақ шашы түсіп, тырнағы жарылып кетіп жүрген бикештер сәбіз бен қызанақтан салат жасап, асқабақтың шырынын ішіп, бауырды бір қайнатып алып жеуге дағдыланғандары жөн.
В тобына жататын дәрумендерді дәрігерлер ағзаға күш-қуат береді және зат алмасуын жақсартады деп науқастарға жиі ұсынып жатады. Сондай-ақ косметологтардың кеңесі бойынша бет терісі құрғақ бикештер жүйелі түрде қабылдап тұрады. Бұл дәрумендер мал етінде, бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарыуызында, қарақатта, балда және балықта көп болады. Соңғы кезде сәнге айналған вегетариан рационында осы топтағы дәрумендер жетіспеуі мүмкін.
Ет пен балықты қуырғаннан гөрі қайнатып, ал көкөністерді шикі күйінде жеген денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екені қаперіңізде жүрсін.
С дәруменін білмейтін адам жоқ шығар. Себебі ол адам иммунитетін көтеріп қана қоймай, терінің жасушаларын да жаңартады. Ол цитрустарда, орамжапырақта, қызанақта, кивиде, қызылшада көп болады. Жаңадан ауыра бастаған кезде дәріханаларда сатылатын аскорбин қышқылының жеті-сегізін бірден қабылдасаңыз, иммунитетіңіз күшейіп, ауруды бірден басып тастай аласыз.
Д дәруменін әдетте жас балаларға арнап береді. Сіз дене бітіміңіздің сымбатты, сүйегіңіздің мықты болуын қаласаңыз, жұмыртқаның сарысын, малдың бауыр етін, балықтың майы мен уылдырығын жеуге әдеттеніңіз.
Е дәрумені. Жүйке жүйесі қалпына келіп, есте сақтау қабілеті мен жүрек жұмысы жақсарып, тері жарақаты тез жазылсын десеңіз, сары майды нанға жағып жеп, ірімшік, қызылша, жаңғақ араластырылып жасалған салатқа майонездің орнына өсімдік майын қосқаныңыз жөн.
Жоғарыда аталған тағамдарды күнделікті жеуге әдеттену денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, әдемі болып жүруге де септігін тигізеді.
Сүт ішкен кезде де қаншама дәруменді қабылдап жатқаныңызды ойлаңыз.
Деніңіз сау, басыңыз аман, бауырыңыз бүтін болсын!
Сурет: ocharovanie.org
Оқи отырыңыз:
Күш-қуат беретін пайдалы тағамдар
Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?
Ф. Абилова