Рамазан айы әлемдегі ахуалға байланысты карантинмен тұспа-тұс келді. Оразада ауызашар жасап, ауыз бекіткен дос-жаранды шақырып, бір дастарханға жиналу дәстүрі де кейінге қалды. Дегенмен, барлық адамның ойында ораза уақытында қалай дұрыс тамақтануға болады деген сұрақ бары анық. Мұсылмандардың ауыз бекітуі туралы оқырмандар жиі қоятын сұрақтарға Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекенова жауап берді.