Моншаға түсу ережелері

Моншаға түсу ережелері
Фото: banya-club.moy.su

1. Монша сіздің шаршағаныңызды, қалжырағаныңызды басып, жаныңызға сергектік сыйлайды.

2. Бумен қыздыратын бөлмеге кірмес бұрын 2-4 минут 35-38 °С себілдің астында тұру керек.

3. 5-7 минут қыздырынғаннан кейін, бірден тұрып шығып кетуге болмайды. 1 минуттай отырып, қалыпқа келгенше күткен дұрыс.

4. Дәрігерлер монша буынан шыққаннан кейін массаж қабылдаған өте пайдалы екенін айтады. Бірақ массаж алдында салқындаудың қажеті жоқ.

5. Моншада мұздай сусындар ішпеңіз. Тек бір стақан ыстық шай немесе сүт ішуге болады.

6. Екінші рет буға кіргіңіз келсе, міндетті түрде араға уақыт салып, 15-20 минут демалған дұрыс.

Бұл ережелерді ұстансаңыз сіздің денсаулығыңызға ешқандай қауіп төнбейді.

Ж. Исакаев