- Негізгі бет
- Денсаулық
- Медицина алдап келген...
Медицина алдап келген 6 сенім
«Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қазіргі медицина тіліне салсақ, көптеген нәрседен бас тартуға туре келеді. Кейде тіпті сеніп қаламыз. Ал шындығында ше?
1-миф: Екпені жууға болмайды
Ақиқатында екпе жасаған жерді жууға болады. Су екпеге ешқандай әсер бермейді. Тек оны ысқылап немесе уқалап жібермесеңіз ғана болады. Ал дәрігерлер сіздің уқалап жуғаныңыздан пайда болған қызыл түсті ісікті туберкулездің белгісі бар деп санайды.
2-миф: Жатып кітап оқу – көзге зиян
Анығында кітапты екпетіңнен жатып оқыған зиян. Себебі кітап пен көз арасындағы жақындық осыған алып келеді. Ал шалқадан жатып кітап оқуға болады. Онда тек қолдарыңыз талуы мүмкін, бірақ көзге ешқандай зияны болмайды.
3-миф: Мүкжейдек көзге пайдалы
Мүкжейдек көздің көруін жақсартады деп түрлі мақалалар шыққанымен, дәрігерлер тіпті зерттеуші ғалымдар да бұл жемістің пайдасы туралы әлі дәлел тапқан жоқ. Сондықтан мүкжейдек көзге пайдалы деп жей беріп, басқа ауру тілеп алмаңыз.
4-миф: Тұмау тиген кезде көп тамақ ішпеу керек
Кей кезде суықтап қалсақ тамаққа тәбетіміз болмайды, сол кезде дәрігерлер аз тамақ ішуге, диета ұстауға кеңес береді. Ал шындығында бұл мүлде олай емес. Керісінше суық тиген кезде тамақ көп ішу пайдалы.
5-миф: Ауырған адам тек жату керек
Қарапайым тұмау тиген кезде төсекке байлап қоятындар бар. Себебі ауырған адам жатып демалу керек, тынығу керек дейміз. Ал егер баланың немесе сырқаттың жүргісі келсе ше? Әрине болады. Керісінше адам ауырып тұрған кезде көп қимылдауы керек.
6-миф: Таңқурай езіндісі тұмауды емдейді
Таңқурай құрамында А,В,С дәрумендері, сонымен қатар, температураны түсіретін дәрумендер бар. Дегенмен бұл тұмаудын құлантаза айықтырып жібереді деген сөз емес. Емдік дәрілердің орнына таңқурай езбесін жасап іше берсеңіз, одан ештеңе өзгеріп кетпейді.
М. Ақан